город Атырау, ул. Достық 1Б
8(7122)-32-07-15

Мемлекеттік рәміздер күні «Тәуелсіздік еліміздің рәміздері»

4 маусым күні балабақшамыздың ересек топтарында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тәуелсіздік еліміздің рәміздері» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: балаларға Қазақстан Республикасының рәміздерін таныстыру, елтаңба, ту, әнұран туралы түсініктерін қалыптастыру. Туған ел, Отан, достық туралы білімдерін кеңейту. Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деп тілейміз!!!

 

https://www.facebook.com/share/v/1EnBnXkfMt/

«Қош бол, балабақша» атты ертеңгілік өтті.

23 мамыр күні №20 «Алтын балық» балабақшасында «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке балабақшамыздың түлектері, тәрбиешілері мен ата-аналары түгелдей қатысып, көңілді мерекелік әсер алды. Ертеңгіліктің мақсаты: мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызып, балалардың тілдерін дамытып, жыл бойына алған білімдерін тиянақтау болды. Сәбилеріміздің болашақта білімді де өнерлі болуына тілектеспіз. «Сәт сапар, бүлдіршін!!!»

 

https://www.facebook.com/share/v/1Br5Fo2TgD/

1-маусым Балаларды қорғау күні

1-маусым күні Балаларды қорғау күніне арналған балабақшаішілік шарамыз көңілді де, әсерлі өтті.
Шарамыздың негізгі мақсаты: бүлдіршіндерге бақыт, қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру. Бүлдіршіндердің адами қасиеттерін дамыту, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мерекелік көңілді, қуанышты көңіл күй сыйлау.
Әлемде еш бала жыламасын, елде тек бірлік пен бейбітшілік болсын!!!
Ұрпақтарымыздың болашағы ашық-жарқын болсын!!!
 
https://www.facebook.com/share/v/1DMgh4TvCK/

» Біздің таланттар» жергілікті деңгейдегі өңіраралық конкурс

Республикалық музыкалық- шығармашылық » Біздің таланттар» жергілікті деңгейдегі өңіраралық конкурстың » Кішкентай биші» номинациясы бойынша #20 «Алтын балық» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшаның » Гаухартас» би тобы
» Тарантелла» итальян биімен өнер көрсетіп, » Бас жүлде» орынды иеленді. Кішкентай бишілерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
 
                                                                                

«Ашық есік» күні»

15 сәуір ата- аналар үшін » Ашық есік» күні жарияланды.
» Ақжелкен» орта тобы.
 
https://www.facebook.com/share/v/1Ddq1azHQL/
 
https://www.facebook.com/share/v/17H9vvEBAZ/

«Әкем, анам және мен» спорттық жарыс

«Әкем, анам және мен»
Мектепалды топтар арасында ата- аналармен спорттық жарыс.
 
https://www.facebook.com/share/v/1BdjNKpg4w/

Денсаулық күні «Шымыр бала»

Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Денсаулық күні
«Шымыр бала» ересек топтар арасындағы спорттық жарыс.
 
https://www.facebook.com/share/v/17wTFHDxM2/

№20 «Алтын балық»сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшасында » Дәстүрімнің балқаймағы -әжелер» тақырыбында топтар арасында әжелер мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту, әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін, арттыру. Қазақтың салт-дәстүр, әдеп- ғұрыптарын бойға сіңіру. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

№20 «Алтын балық»сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшасында
» Дәстүрімнің балқаймағы -әжелер» тақырыбында топтар арасында әжелер мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту, әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін, арттыру. Қазақтың салт-дәстүр, әдеп- ғұрыптарын бойға сіңіру. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
 
https://www.facebook.com/share/v/1APUGyxhwH/

Амал мерекесі құтты болсын!

Амал мерекесі құтты болсын!

 

https://www.facebook.com/share/v/1BwEiWfAmV/

Аналар мерекесі

Аналар мерекесіне орай «Ғарыш» және «Қарлығаш» ересек топтар «Аяулы анашым» тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Бүлдіршіндер аналарға әдемі көңіл- күй сыйлады. Әнде шырқалды, биде билеп,ата- аналар мен балалар арасында түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Балалар аналарына деген әдемі жүрекжарды тілектерін тақпақтары арқылы жеткізді.

https://www.facebook.com/share/v/1A7AtHyvN2/

Послание Президента
Государственные символы