4 маусым күні балабақшамыздың ересек топтарында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тәуелсіздік еліміздің рәміздері» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: балаларға Қазақстан Республикасының рәміздерін таныстыру, елтаңба, ту, әнұран туралы түсініктерін қалыптастыру. Туған ел, Отан, достық туралы білімдерін кеңейту. Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деп тілейміз!!!