“Берекелі, мерекелі — Алтын күз” тақырыбында ертеңгіліктер өтті.
Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктері туралы тақырыпта әндер айтылып, әдемі билер биленіп, түрлі ойындар ойналып балаларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктер туралы түсінік берілді. Басты мақсат балаларға күзгі мерекелік көңіл күй сыйлап, табиғатты сүйіп-қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Ертеңгілікке қатысып ұйымдастырған тәрбиешілеріміз бен мамандарымызға, әдемі билеп, ән айтып сахнаның сәнін келтірген тәрбиеленуші сәбилерімізге, қолдау көрсетіп ат салысқан ата-аналарымызға көп-көп рахмет айтамыз.